Тақырып таңдаудан республикалық финалға дейін — «Зерде» ғылыми жобасына дайындалудың толық жол картасы. Тексерілген тақырыптар, жобаның құрылымы, қорғау тәртібі және жиі кездесетін қателер — бәрі осы бетте.
Ата-аналар, «ғылыми жоба» деген сөз қорқытпасын! Шын мәнінде бұл — баланың бір сұраққа жауап іздеп, өзі зерттеуі. Мысалы: «Неге өсімдік жарыққа қарай өседі?» — зерттеп, тәжірибе жасап, жауап тапты. Бітті. Бұл — ғылыми жоба. Тек оны дұрыс форматта жазу керек.
Ғылыми жобаның міндетті құрылымы осы ретпен беріледі — әр бөлім өз орнында болуы қорғауда бағаланады.
Жұмыстың мұқаба беті: тақырып, автор, мектеп, жетекші.
Жұмыстың барлық бөлімдерінің тізімі мен беттері.
Жобаның қысқаша мазмұны — не зерттелді, не табылды.
Тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу барысы, тәжірибе, алынған нәтижелер.
Тұжырымдар мен нақты ұсыныстар.
Жұмыс барысында пайдаланылған дереккөздер.
Жиі жіберілетін қате — тақырыпты бала емес, мұғалім немесе ата-ана таңдайды. Дұрыс тақырып = баланың өзінің қызығушылығы + зерттеуге болатын сұрақ + қолжетімді материал.
Кең тақырыптан нақты зерттеу сұрағына қалай өтемін?
«Өсімдіктер»
«Жарықтың түсі өсімдіктің өсуіне әсер ете ме?»
«Қызыл жарық пен көк жарықта бидай өскіні қалай өседі?»
Баланың қызығушылығын анықтау үшін оған осы сұрақтарды қойыңыз:
Соңғы айда не туралы «Неге?» деп сұрадың?
Қай пән сабағы ең қызық?
Үйде не тәжірибе жасап көргің келеді?
Жаңалықтардан не назарыңды аударады?
Ең сүйікті кітабың не туралы?
2026 оқу жылына арналған, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалған тақырыптар. Толық 20+ тізімді және жеке кеңесті WhatsApp арқылы сұрауға болады.
Жасанды интеллекттің көмегімен ағылшын сөздерін есте сақтау тиімді ме?
Өсімдіктің өсуіне әртүрлі музыка әсер ете ме?
Қай су тез қатады: тұзды ма, тұщы ма?
Телефон экранының көздің шаршауына әсері
Түстердің есте сақтауға әсері
Нейрожаттығулардың зейінге әсері
Шахмат логикалық ойлауды дамыта ма?
Математикалық ойындардың есеп шығару жылдамдығына әсері
Қай әдіс тиімді: суретпен оқу ма, мәтінмен оқу ма?
Қолмен жазу мен планшетте жазудың айырмашылығы
Жасанды интеллект арқылы оқуға дайындалудың тиімділігі
ChatGPT көмегімен білім алудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Оқушының оқу үлгеріміне ұйқының әсері
Экран уақыты мен зейіннің байланысы
Математикадағы қателерді AI арқылы талдау мүмкіндігі
Конкурс екі бағыт бойынша ұйымдастырылады: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық. Секциялар:
Республикалық финал «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Щучинск, Ақмола облысы) өтеді.
Ғылыми жобаға тақырып таңдаудан қорғауға дейін — мен және менің әріптестерім жетекшілік етіп, толық сүйемелдей аламыз. WhatsApp арқылы жазыңыз, бірге талқылаймыз.
💬 WhatsApp-қа жазу →